2015 жылғы 9 маусым, Астана, Үкімет Үйі
«Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №466 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді және Қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 мамырдағы №466 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №31, 480-қүжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.